Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойындағым да келмейді": Ақбота Керімбекова қазіргі жас әншілерге қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова қазіргі жас әншілерге көңілі толмайтынын ашық айтып, оларды мойындамайтынын жеткізді. Сөзінше, жас буын бүгінде қазақ өнерін тиісті деңгейде бағаламайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Керімбекова жас әншілерге қатысты өз ойын "1001 түн" бағдарламасында айтты. Ол бүгінде "оқымаған әншілердің" көбейіп кеткенін алға тартты.

"Қазір өнердің қадірі кеткен уақыт болып тұр. Жалпы қазақ әнін, қазақ үнін, поэзиясын, небір ақындарын қазіргі жас әншілер бағаламағаннан кейін, мен оларды еш мойындай алмаймын. Мойындағым да келмейді. Бәлкім ол жастық та шығар. Біз де туыла салып ақылды болған жоқпыз. Өзі өмірді сүре келе, бірде құлайсың, бірде тұрасың. Сол оймен адам жаймен өзі түйінге келеді. Жалпы өмірдің қаірін 40-тан асқаннан кейін жаймен түсінесің.

Бұл жерде жастармен бәсеке деп айта алмаймын. Әр әншінің өз орны бар. Халық өзі төріне отырғызған. биігіне көтерген. Әр әншінің өз тыңдарманы, көрермені бар. Бірақ кейде "халықтың арқасында былай шалқып жүрсіңдер" дегені рас. Біз халықпен тығыз байланыстымыз. Тек әншілер ғана емес, сіздер де, халық болмаса, кімді көрсетесіздер, кімді насихаттайсыздар? Мұғалімдер халық болмаса, кімді оқытады? Дәрігерлер ауру адам болмаса, кімді емдейді? Бізде сол түсінікті қалыптастыру керек деп ойлаймын.

Өз басым өнерді оқыдым. Музыкалық мектепті, өнер академиясын бітірдім. Өзімді керемет деп санағанымнан емес, бірақ кәсіби сауатты әншімін деп ойлаймын. Қазір тойдың әншілері көп. Бірақ әлгіндей әншілерді халық өзі көтермелейді. Тойға, концертке шақырады. Сондайды көргенде, мен зейнетке шығамын ау деп ойлаймын. Онда консеватория, өнер академиялары неге керек? Жаба салайық. Сахнаның 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, не сынды, не ойды көтере алмайтын әншілер", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981104-moiyndagym-da-kelmeidi-aqbota-kerimbekova-qazirgi-zas-ansilerge-qatysty-oiyn-aitty/

pixel