"Аяғым қозғауға келмеді, арбада отырдым": Тамара Асар басынан өткен ауыр кезеңді есіне алды

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: /instagram.com/p/CRMYBNzM6un/

Әнші Тамара Асар өмірінже болған ауыр кезеңді есіне алып, оқырмандарына өз жан сырын ақтарды. Өнер иесі қолы қасық көтере алмай, аяғы қозғауға келмейтін күй кешкенін айтты. Ол ауыр дертімен күресте анасының асқан қайсарлығын атап өтіп, оған өз алғысын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар өзінің аяққа тұруына елеулі септігін анасы тигізгенін айтты. Әнші Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, өзінің қатты қиналған сәтін баяндады.

"Мені анам Жаңақорғанға алғаш алып келгенде 20 дан асқан балғын қыз едім. Денсаулығымның жағдайы мәз емес болатын. Өзім арбада отыратынмын, апаттан кейінгі қиындау жағдай былай тұрсын, "ревмотоидный артрит" деген ауру бойыма меңдеп кеткен. Қолым қасық көтере алмайтын,аяғым жер баспақ түгілі, қозғауға келмейтін.

Қиялдайтын санам ,сайрайтын тілім, ыңылдайтын көмекейдегі дауысым, жәудіреген көзім ғана үміттің отын сөндірмеді. Түнде ыңырсу, күндіз кіржию. Ауру жаныма қатты бататын. Менің анам мықты адам, мені мүгедектікке бермей күресті! Сұрады! Сенді! Күтті! Амал жасады! Мені сендірді! Маған ауруды жеңдірді! Біреуге өтірік, біреуге шын арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым, келесі аптасында балдақты лақтырып, аяғымды басып жүре бастадым.

Содан бері, Жаңақорғанның қасиетті қара балшығы мен суына жыл сайын келемін. Емнен кейінгі күтіну бөлек әңгіме. Ол күндер көрген түстей. Қаншама жыл өтіпті. Әкемнің төріне келгендей марқайып жылда келем, аяғымды жерге тигізбей күтіп алатын, қоржынымды қыздың дорбасындай толтырып жіберетін, менің екінші "төркінім" Жаңақорған сияқты", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981176-ayagym-qozgauga-kelmedi-arbada-otyrdym-tamara-asar-basynan-otken-auyr-kezendi-esine-aldy/

jitsu gif