Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова ұлының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді (видео)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова ұлы Теодордың "қырқынан шығару" рәсімін өткізді. Өнер иесі бұл күні көңілі босап, тіпті көз жасына ерік берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы ұлының алғашқы мерекесіндегі видеоны Instagram парақшасында бөлісті.

Жас ата-ананың ұйымдастыруымен өткен отбасылық шарада олардың ет-жақындары мен жан достары бас қосқан. Жұлдызды меймандар қатарында Батыр Байназаоров пен Әсел Жамақаева, Гүлназ Жоланова, Луина, Рано Умарова және тағы да басқалары болды.

"Кеше ұлымыздың "қырқынан шығару" рәсімін өткіздік. Баламның бірінші мейрамын өткізгенде қатты толқыдым", - деді Исабекова.

Мақпал Исабекова атаулы күні көңілі босап, қонақтарының алдында көз жасына ерік берді. Меймандар жас анаға қолдау білдіріп, Теодорға өз тілектерін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981343-maqpal-isabekova-ulynyn-qyrqynan-sygaru-rasimin-otkizdi-video/