Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріне сол қызық": Әлия Әнуарбек екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты жауап берді

Опубликовано:

Әлия Әнуарбек
Фото: Instagram/aliya_anuarbek

Отандық танымал актриса Әлия Телебарисова екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұл сауал көпшілікті қызықтырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлия Әнуарбек Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Алайда актрисаның айтуынша, сауалдардың басым көпшілігі екінші рет тұрмыс құруға қатысты болған.

"Сіздерге бәрі қызық. Шынымды айтсам, сұрақтардың жартысы осы жайында. Елемеуге тырысып жүр едім. Мейлі, жауап берейін. Оны бір Алла тағала біледі", - деп жауап берді ол.

Сонымен қатар өнер иесі әлі тұрмыс құрмаған бойжеткендерге өз әпкелік кеңесін берді. Ол аруларға қандай жар таңдау керектігін айтты.

"Ал егер расына келсек, тұрмысқа шығатын қыздарға берер кеңесім, жүрегінде иманы бар адамды жар етіп таңдаңыздар. Жақсы адам деген сол болады. Иманы бар адамның адамгершілігі мол, мейірімді, адал, отбасына қамқор болады. Отбасына бар жақсыны бергісі келеді. Ондай адам ешқашан отбасын құрбан етпейді", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981363-barine-sol-qyzyq-aliya-anuarbek-ekinsi-ret-turmysqa-syguga-qatysty-zauap-berdi/

pixel