Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі гастрольдік сапарлары мен концерттерін аяқтап, отбасымен шетелге демалысқа аттануды шешкен. Бүгінде жұлдызды жанұя Түркия елінде саяхаттап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төреғали Төреәлінің шетел асып кеткені туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Эстрада жұлдызы саяхатынан түрлі фото мен видео жариялап, жанкүйерлеріне Түркиядағы демалысы қалай өтіп жатқанын белсенді түрде көрсетуде.

Әнші келіншегімен бірге Алания қаласының әсем жерлерін аралап, оқырмандар назарына арнайы бейнежазбаларды ұсынды. Онда ерлі-зайыптының қол ұстасып, судың жағасында серуендеп жүргендерін көруге болады.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жақсы демалыс тілеп, оларға жылы лебізін білдірді.

"Жарасымды жұп", "Қандай керемет. Келіншегі сондай қарапайым", "Жақсы демалыс болсын", "Екеуі ғана шетелге аттанған ба?", "Дұрыс. Жұмыс жұмыспен отбасыға да көңіл бөлу керек", "Жақсылап демалып қайтыңдар", "Көпке үлгі жұп. Сіздерді мақтан тұтамын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981461-toregali-toreali-turkiyada-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel