"Бақытты болыңдар": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова елдің ыстық ықыласына бөленді (фото)
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова демалыстарынан кезекті фото жариялап, елді қуантты. Қалың көпшілік ерлі-зайыптының бірге көп уақыт өткізіп жүргеніне риза болып, өз жылы лебіздерін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қайрат Нұртас Instagram парақшасында келіншегімен түскен кезекті суретті бөлісіп, барша оқырмандарын қуантты. Фотода әнші әйелін құшақтап тұрғанын көруге болады. Ерлі-зайыптының бұл суреті Түркиядағы демалыс кезінде жасалған көрінеді.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірді. Оқырмандар оларға ақ тілектерін жарыса жолдады.
"Бақытты болыңыздаршы. Үнемі осылай құшақтасып жүріңдер", "Сіздер бақытты болсаңыздар, біз де бақыттымыз", "Қандай тәтті жұп", "Өте жарасымды жұп. Бақытты да баянды өмір тілеймін сіздерге", "Қандай әдемісіңдер", "Үлгілі отбасы. Өмір бойы осылай қол ұстасып өтіңдер", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981494-baqytty-bolyndar-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimova-eldin-ystyq-yqylasyna-bolendi-foto/