Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұздатқышта екі мәйіт жатты": Актер Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалы жайлы айтты

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков
Әбілмансұр Серіков. Кадр: YouTube/Aman Tasygan Live

Қазақстандық танымал актер Әбілмансұр Серіков атышулы 5:32 сериалының түсірілімі жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі мәйітханадағы түсірілімнен кейін шыдай алмай, өз рөлінен бас тартпақ болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалының түсірілім алаңында болған жайттарымен Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті. Ол мәйітханада өткен түсірілім өзі үшін аса ауыр болшғанын мойындады.

"Түсірілімнің бірінші күні кетіп қалсам ба деген ой бес рет келді. Өте ауыр болды. Таңертең бастадық. Бірінші локация - мәйітхана. Кірсек, мұздатқышта екі мүрде жатыр, ал біз сол жерде фильм түсірдік. Кешкі сағат 5-те түскі асты алып келді. Жылағым келді. Кетіп қалайын ба деген ой келді.

"Кешіріңдерші, бірақ мен шыдай алмайды екенмін, кете берейінші" деп айтқым келіп тұрды. Кейін өзіме: "Жындысың ба? Өзің келісіп алдың. Еркек емессің ба? Өз-өзіңді тексеремін дедің. Не мынау? Дәлелде", - дедім. Артқа жол жоқ. Қаншама адамды аяқтан шалатын едім. Оның үстіне, басты рөл. Солай өзімді өзім еңсеріп, әрі қарай кеттік", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981546-muzdatqysta-eki-maiit-zatty-akter-abilmansur-serikov-532-serialy-zaily-aitty/

pixel