Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ескірмеген махаббат": Шетелде демалып жатқан Айдарбековтердің суреті ел талқысын түсті

Опубликовано:

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Бүгінде Біріккен Араб Әмірлікерінде демалып жатқан Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер оқырмандарын жаңа суреттерімен қуантуда. Ерлі-зайыпты демалысы қалай өтіп жатқанын желіде белсенді түрде көрсетіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында отағасымен түскен ерекше фотоларын жариялап, оған өз сезімін білдірген. Суретте ерлі-зайыптының жағалауда құшақтасып тұрғандарын көруге болады.

Белгілі продюсер өзін шетелге демалысқа алып шыққан күйеуіне алғысын жеткізді.

"Керемет демалыс үшін алғысым шексіз. Алла абыроймен бір жастықта қартаюды баршаңызға жазсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының суреттерін бірден қызу талқыға алып, өз пікірін білдірді. Оқырмандар олардың ескірмеген махаббатына тамсанған.

"Керемет", "Ешқашан қартаймаңыздар", "Ескірмеген махаббат", "Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, тіл көзім тасқа", "Бақытты әйел, Алла бағыңызды еселей берсін", "Керемет көрініс, екі дүниеде де бірге болыңыздар", "Нағыз үлгі болар жұп. Романтика әлі де бар", - деп жазуда олар.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтердің Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа аттанғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981564-eskirmegen-maxabbat-setelde-demalyp-zatqan-aidarbekovterdin-sureti-el-talqysyn-tusti/

pixel