Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Жеңіс Ысқақова 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Жеңіс Ысқақова
Фото: Instagram/zhenisiskakova

Қазақстандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова желіде ерекше мұрағаттық суретін бөлісіп, көпшілікке 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы жеке мұрағатындағы фотоны Instagram парақшасында жариялап қойған. Ысқақова оқырмандарының назарына 2002 және 2020 жылғы суреттерін ұсынып, оларға өз өзгерісін паш еткен.

Желі қолданушылары әртістің жаңа жазбасын бірден қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін жаудырды. Олардың басым көпшілігі өнер иесінің бұл уақыт аралығында қатты өзгере қоймағанын айтты. Кейбірі тіпті әншінің жасарып кеткенін жазуда.

"Еш өзгермегенсіз", "Сұлуым менің", "Одан бетер әдемі болып кеткенсіз", "Шашыңыздың түсінен басқа өзгеріс көріп тұрған жоқпын", "Қайта жасарып кеткен секілдісіз", "Жылдар өтіп, одан да сұлу болғансыз ғой", "Жыл өткен сайын жасарып жатқандайсыз. Өте керемет. Сұлусыз", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Ысқақова көпшілікке күйеуін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981699-ansi-zenis-ysqaqova-20-zyl-buryn-qandai-bolganyn-korsetti-foto/

pixel