Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова отбасымен Дубайға демалуға аттанды (видео)

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/

Әнші Гүлнұр Оразымбетова өнердегі әріптестерінен қалыспай, жаз мезгілінде шетелге шығуды жөн көрген. Өнер иесі көптен күткен демалысына отбасымен бірге аттанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оразымбетованың шетел асып кеткені жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Жұлдызды жанұя Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен.

Өнер иесі Дубай қаласынан видео жариялап, оқырмандарына демалысы қалай басталағанын көрсетуде. Сөзінше, бұл жолы отбасылық саяхатқа әншінің үлкен ұлы бара алмай қалған. Оған жұмысы себеп болды.

Желі қолданушылары Оразымбетоваға жақсы демалыс тілеп, оған жылы лебізін білдірді.

"Керемет отбасы. Жақсылап демалып қайтыңыздар", "Осы жылы тынбай еңбек еттіңіз. Бұл демалысқа әбден лайықтысыз", "Дубайда күн ыстық шығар", "Балаңыз үлкен жігіт болыпты", "Жақсы демалыс болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981724-gulnur-orazymbetova-otbasymen-dubaiga-demaluga-attandy-video/

pixel