Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Айналам өзгерсе де, ауылдың қарапайым қызымын

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, өзі жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтып, үнемі көңілді жүруінің сырын ашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып қойған. Онда әртіс көпшілік жолдаған сауалдарды қабылдап, оқырмандарымен тілдесті.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі әншіден жеке өмірі жайлы сұрады. Олар Ерке Есмаханға қандай жігіт ұнайтынын білмек болды.

"Ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Мен сүйгенде бақытты болатын жігіт ұнайды", - деп қысқа қайырды ол.

Оған қоса эстрада жұлдызы өзінің үнемі көңілді жүруінің сыры неде екенін айтып берді.

"Сыры қанған ұйқыда. Менің ұйқым түгел болса жұмысты қатырып жасаймын, көңілді жүремін, барлық шаруаны шешіп қоямын. Ал егер ұйқым дұрыс болмаса бәрі бекер. Ол кезде маған жоламау керек", - деді әртіс.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Сонымен қатар Ерке Есмахан өз жетістіктері жайлы сөз қозғады.

"Жеткен жетістіктерім бар шығар, айналам өзгерген де шығар. Бірақ іштей мен сол жай ғана қарапайым ауылдың қызымын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981868-erke-esmaxan-ainalam-ozgerse-de-auyldyn-qarapaiym-qyzymyn/

pixel