Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі есімнен кетпейді": Әнші Балжан Бидаш не себепті Түркияда ота жасатқанын түсіндірді

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Фото: Instagram/bidash_official

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі, актер Жахан Отарғалиевтің жұбайы Балжан Бидаш Түркияның Стамбул қаласында неліктен ота жасатуға мәжбүр болғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, әнші құлағы мен мұрнына ота жасатқан.

"Бір күні құлағым қатты ауырды. Құлағымның пердесі жарылып кеткен екен. Оны білмей уақыт өткізіп, құлағыма су кіргізе бергенмін. Мұндай жағдайда су тигізуге болмайды. Менің құлағым жуынып шыққан соң қатты ауырып, белгі берді. Сол ауырғаны әлі есімнен кетпейді. Дәрігер операциямен құлақтың пердесін бітеу керектігін айтты. Уақыт өте келе есту қабілетім де төмендеп кетті.

Егер құлақтың пердесі тесік болса, оны бітетпесеңіз, ішіне шаң-тозаң, микроб, инфекция кіріп, миға баруы мүмкін! Уақыт өте құлағыңыз естімей қалуы мүмкін", - деп жазды әнші.

Балжан Бидаш аллергияға қарсы спрейлерсіз өмір сүре алмайтын күнге жеткенін де жасырған жоқ.

"Аллергозолсыз өмір сүре алмай кеттім. Аллергияның белгісі болмаса да мұрыным бітеліп, жанымда 24 сағат жүретін спрей құтқаратын. Түнде демала алмай, шошып оянып, спрей жоқ болса түн ортасында дәріханаға баруға тура келетін. Спрейді көп сепкендіктен мұрыным қызарып кететін. Таныс жағдай ма?

Дәрігер менде спрейге тәуелділік барын айтып, қанша қиналсам да спрей қолданбауымды айтты. Шыдадым. Иә, басылды, қойды. Бірақ қайта басталды. Неше түрлі емнің түрін көрдім. Болмады. Стамбулға келіп қаралғанда ішіне ет өскенін, лазермен кішірейту керектігін айтты. Құлақ-мұрын дегенің қазір екінің бірінде проблема. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Құлағымның естуі жақсарды, мұрныммен терең демалатын болдым", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1982873-ali-esimnen-ketpeidi-ansi-balzan-bidas-ne-sebepti-turkiyada-ota-zasatqanyn-tusindirdi/