Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған кедергі жасап жатырсыздар": Ерке Есмахан концертте жаңа әнінің сөзін ұмытып қалды

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан Қызылорданың орталық алаңында өткен "Құрылысшылар күніне" арналған концертте жаңа әнінің сөзін ұмытып қалды. Әншіге жан-жақтан қаумалап фотоға түскен тыңдармандары кедергі келтірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасындағы Story-ға видео жариялап, концерттің қалай өткенін оқырмандарына көрсетті. Жаңадан шыққан "Сен қыз" әнін орындау кезінде әншіні көрермендері селфи жасау үшін жан-жақтан қаумалап алған. Видеодан әншіні тыңдармандары тартып та, итеріп те жібергенін көруге болады.

Ерке Есмахан
Видеодан кадр: Instagram/erke_esmahan

"Мәссаған, мен жаңа әнімнің сөзін ұмыттым. Сіздер маған кедергі жасап жатырсыздар. Өтініш, ән айтайыншы", - дейді Ерке Есмахан концерт кезінде.

Cуретке түсу
Видеодан кадр: Instagram/erke_esmahan

Әнші қызылордалықтарға өзін келесіде ән айтуға емес, тек суретке түсуге шақыруын сұраған.

Айта кетейік, Ерке Есмахан жаңадан жазған әнін Қызылордадағы концертте алғаш рет сахнада орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1982929-magan-kedergi-zasap-zatyrsyzdar-erke-esmaxan-koncertte-zana-aninin-sozin-umytyp-qaldy/

pixel