Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Троя" фильмінің режиссері өмірден өтті

Опубликовано:

Вольфганг Петерсен
Вольфганг Петерсен. Фото: Gisela Schober/Getty Images for Bavaria Film

"Троя" және "Сүңгуір қайық" фильмдері арқылы танымал болған неміс режиссері және сценарисі Вольфганг Петерсен 81 жасында дүние салды, деп хабарлайды Deadline.

Режиссер 12 тамыз күні Брентвуд ауданындағы (АҚШ, Лос-Анджелес) үйінде қайтыс болған.

Өлімнің себебі - ұйқы безінің қатерлі ісігі.

Петерсен өзінің режиссерлік мансабын 1970 жылдары қысқа метражды фильмдер мен телехикаялар түсіруден бастаған. Оның алғашқы кинокартинасы 1974 жылы жарыққа шықты.

1982 жылы Петерсен алты рет "Оскар" сыйлығына ұсынылған "Сүңгуір қайық" ("Подводная лодка") картинасын түсірді. Ол екі рет "Оскар" сыйлығын алды. Оның бірі "Ең үздік режиссура" үшін берілген.

Бұдан бөлек Вольфганг Петерсен "Троя", "Бесконечная история", "На линии огня", "Идеальный шторм" сынды фильмдердің режиссері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1983603-troya-filminin-rezisseri-omirden-otti/

pixel