Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әжеден бір би": Мың бұрала билеген Жанар Айжанова желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Жанар Айжанова. Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

Тойда мың бұрала билеген әнші, актриса Жанар Айжанова желі қолданушыларының қошеметіне бөленді. Олар өнер иесінің биін жоғары бағалауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар Айжанова Instagram парақшасында өзінің 2 миллионнан астам оқырманына тойда билеген видеосын жария еткен. Әнші 80 жылдары аты аңызға айналған Modern Talking тобының хит әніне билеген.

"Сылдырмақтың әжесінен бір би", - деп жазды видео сипаттамасына актриса.

Жанар Айжанованың биіне оқырмандары таңдай қағып, оған мақтау сөздерін жаудыруда.

"Күшті билейсіз ғой, неге салмай жүрсіз?", "О, арықтап, сұлуланып кетіпсіз", "Ой, құрдас, он сегізде секілдісіз", "Әдемі жарасып тұр", "Не деген харизма", "Мықтысыз", - деп жазды оған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1983636-azeden-bir-bi-myn-burala-bilegen-zanar-aizanova-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel