jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық блогер көпшілікті саяхатқа шақыратын қазақ тілді жобаны қолға алды (видео)

    Әлем елдеріне саяхатқа шақыратын қазақ тіліндегі жобас басталды
    Жобадан үзінді. Скриншот: YouTube/Qadyrbaev

    Танымал блогер Жансерік Қадырбаевтың бастамасымен көрерменді әлемнің әр мемлекетіне саяхаттауға шақыратын "Búl álemde shekteu joq" жобасы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жоба барысында көрермендер қызықты фактілермен танысып, тамыры тереңде жатқан басқа елдің тарихын тілге тиек етіп, шетелдіктердің тұрмыс-тіршілігін көріп, мәдениетін зерттеп, дүниетанымын арттыра алады.

    Жобаның басты мақсаттарының бірі - отандастарымызды әлем елдеріне саяхаттауға шақыру. Себебі, саяхат - өркендеу мен прогрестің ажырамас бөлігі. Егер де адамдар бөтен елдің қалай құрылғанын көріп, ол жақтан керегін алатын болса, олар өз еліміздің дамуына үлкен үлес қоса алады.

    Жобаның ең басты ерекшілігі - 100% қазақ тілінде өтетіні. Бұл YouTube желісінде алғаш рет қазақ тілінде шығып жатқан "travel" жоба.

    "Қазақ тілді көрерменнің қазіргі таңда ана тіліміздегі жобаларға зәру екенін толықтай мойындаймыз және сеземіз. "Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қауіптісі - тіл. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады" деген сөз бар. Біз өскелең ұрпаққа бізге аманат етіп берілген қасиетті тілді заман талабына сай. жастар арасында дәріптеуге тырыстық. Одан әрі де дәріптейміз деп сенеміз", - дейді жобаны ұйымдастырушылар.

    Жоба ұжымы бірінші маусымда 16 елде болып, аталған мемлекеттер туралы 16 бөлім шығармақшы. Егер жоба өзін ақтап, әрі қарай дамуына мүмкіндік табылып жатса, әлемнің барлық елдерін аралау жоспарланып отыр.

    *Келісімшарт негізінде жасалды

    Отандық блогер көпшілікті саяхатқа шақыратын қазақ тілді жобаны қолға алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.