Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер Балқия Балтабайдың түрік жігітіне тұрмысқа шығатыны рас па

Жарияланған күні:

Балқия Балтабай
Балқия Балтабай. Фото: instagram.com/balkia_baltabay/

Танымал блогер Балқия Балтабай Instagram желісіндегі парақшасында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Желі қолданушылары блогерді жарыса құттықтауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыз-келіншектер арасында психолог әрі блогер ретінде танылған Балқия Балтабай тұрмысқа шықпақ.

"Иә" дедім. Ал, құттықтай берсеңіздер болады", - деп жазба қалдырған ол.

Одан бөлек екі жас неке қидырып үлгергені белгілі болды. Салтанатты рәсімге екі жақтың жақын туыстары қатысқан. 

"Некені өзіміз боп кішігірім атап өтіп, екі жақты таныстырдық. Бұл күнді ата-анам көрмесе де, бауырларым, жақындарым отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, шапқылап қуанып жүр", - деді Балқия Балтабай. 

Ол, сонымен бірге, оқырмандарына қазақелінде бұрын-соңды болмаған той өткізетінін хабарлаған. Айтуынша, тойда ұзын-сонар тост айту жоқ, мүлдем басқа формат болады. Десе де ол күйеу жігіттің суретін көрсетпей, оқырмандарын қызықтырып қойды.

Ал желі қолданушылары оның түрік жігітіне тұрмысқа шығатынын болжауда.

"Түрік жігіті болуы мүмкін бе?", "Түрік жігітіне тұрмысқа шығып жатырсыз ба?", Өзге ұлт секілді", "Түрік сияқты, кім болса да, бақытты болыңыз", "Әр адам бақытты болуға лайық", - деп жарыса жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984101-tanymal-bloger-balqiya-baltabaidyn-turik-zigitine-turmysqa-sygatyny-ras-pa/