Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Өрісімді шектеп, қанатымды қиятын адам - менікі емес

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет өзінің болашақ күйеуіне қандай талап қоятынын айтты. Өнер иесі отағасының өнеріне қарсы болмағанын қалайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет бұл туралы Instagram парақшасында айтты. Некесі сәтсіз аяқталған актриса өнер жолы мен отбасылық өмірге қатысты өз ойын айтты. Ол өзі үшін бұл екі нәрсенің аса маңызды екенін алға тартты.

Оған қоса болашақта ғашығына қояр талабын да айтып өтті.

"Екеуі де мен үшін маңызды. Мені бар болмысыммен қабылдаған адам өз таңдауына қарсы шығады деп ойламаймын. Өрісімді шектеп, қанатымды қиятын адам менікі емес", - деді ол.

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Сонымен қатар өнер иесі өзінің қаншалықты кешірімді екенін айтты.

"Өткен шақтағы Ақботаш көбінесе кешірімді таңдайтын. Ал қазір "қалған көңіл - шыққан жан", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984536-aqbota-seiitmagambet-orisimdi-sektep-qanatymdy-qiyatyn-adam-meniki-emes/

pixel