Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі жайлы: Соның кесірінен көлігімнен айырылдым

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова жақында туған күнін атап өтіп, су жаңа темір тұлпарға ие болды. Желі қолданушылары өнер иесіне қымбат көлікті бұрынғы күйеуі сыйлады деп топшылады. Алайда әртіс бұл болжамдарды бірден теріске шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің кесірінен керісінше көлігінен айырылып қалғанын айтты.

"Керісінше бәрі. Қайта соның кесірінен қаншама тер төгіп жүріп, өзім алған "камриімнен" айырылып қалдым. Аллаға тапсырдым. Ондайларға басқа айтар сөз жоқ қой", - деп жазды ол.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы өз өмірінде жомарт адамдарды кездестірмегенін жеткізді.

"Маған ешкім ештеңе алып бермеді. Өмірімде ондай мәрт адамды кезіктіріп көрмеппін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістігім - өзімнің 18 жылдық еңбегім. Аллаға шүкір", - деді әнші.

Мөлдір Әуелбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/moldir.auyelbekova

Оған қоса Әуелбекова жеке өміріне қатысты да пікір білдірді. Ол бүгінде өзіне көңіл бөлгісі келетін азаматтар көп екенін айтты. Алайда әртіс оларға мүмкіндік бермейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984549-sonyn-kesirinen-koligimnen-aiyryldym-auelbekova-buryngy-kuieui-zaily-aitty/

pixel