Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық образдағы Мадина Сәдуақасова елдің ыстық ықыласына ие болды (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде ұлттық образдағы видеосын жариялап, елді өзіне қаратты. Қалың көпшілік әртістің қазақи нақыштағы кейпіне тәнті болып, өзінің ыстық ықыласын білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова ел назарын аударған бейнежазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әншінің алдымен замануи көйлекпен шығып, артынан қазақи образға киім ауыстырғанын байқауға болады.

Эстрада жұлдызы ақ түстес көйлек, ұлттық оюлармен безендірілген камзол киген. Ал басына үлкен сәукеле таққан. Желі қолданушылары әртіске ұлттық киім қатты жарасатынын жарыса жазуда.

"Балалық шағымның махаббаты", "Қандай жарасымды", "Қазақтың барлық қыздары осылай киініп жүрсе ғой", "Сондай әдемі образ шығыпты", "Мынадай көйлек деген арман ғой", "Ұлттық нақыштағы киімдер кез келген қызды көрікті етіп жібереді", "Сұлусың, саған бәрін жарасады", "Сәукеленің өзі қандай", "Қылықты қазақтың қызы", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984563-ulttyq-obrazdagy-madina-saduaqasova-eldin-ystyq-yqylasyna-ie-boldy-video/

pixel