"Әке жолын таңдапты": Әбдіхалықов қызының жетістігін айтып, елден сүйінші сұрады

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның қызы
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның қызы жоғары оқу орнына түсіп, грант иегері атанды. Жұлдызды ата-ананың перзенті әке жолын қуып, актерлық мамандықты таңдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл сүйінші жаңалықты бұрынғы ерлі-зайыпты Instagram желісінде жеткізді. Белгілі болғандай, Айнара енді "Шабыт" академиясының студенті.

"Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлер! Міне, Алланың қалауымен Айнара қызымыз Қазақ ұлттық өнер университетінің операторлық өнер мамандығына грантқа оқуға түсті. Қадамың құтты болсын , балапаным. Айнарама жазған ақ тілектеріңізге мың алғыс. Алла еселеп қайтарсын", - деп жазды Жорабаева.

"Айнара қызым "Шабыт" өнер университетінің грантына ие болды. Кино саласын таңдады. Құтты болсын қызым", - деп жазды Әбдіхалықов.

Желі қолданушылары әртістерді қуанышымен құттықтап, қызына ақ тілегін жолдады.

"Сіздің жолыңызды қуыпты", "Құтты болсын. Кино саласын таңдаса, өзіңізге тартыпты", "Әкесіне ұқсаса жаман болмайды", "Айнара сәттілік тілейміз", "Әке жолын таңдапты. Жарайсың", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984608-ake-zolyn-tandapty-abdixalyqov-qyzynyn-zetistigin-aityp-elden-suiinsi-surady/