Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа тәжірибе, жаңа деңгей": Мамасарипова әйгілі түрік сериалының франшизасын алды

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Отандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова киносүйер қауымға қуанышты жаңалығын жеткізді. Ол көптеген елдегі көрермендердің ыстық ықыласына бөленген әйгілі "Kara Sevda" телехикаясының франшизасын алғанын хабарлады. Енді продюсер сериалдың қазақша нұсқасын түсірмек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мамасарипова өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол көрерменге барынша сапалы туынды тарту етуге уәде берді.

"Қымбатты менің оқырмандарым, ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесінде біз "Kara sevda” телесериалының франшизасын алатын болдық. Бірден айтайын, біздің нұсқа қазақша адаптация болады. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе, жаңа деңгей.

Жақында Стамбулға барып қол қойып қайтамын. Алдын-ала "қолдарыңнан түк келмейді" демеңіздерші. Келеді. Адамның істегенін адам істейді. Ішіме сыймай бөлісіп отырмын.

Елімізде әдемі локациялар да, талантты да сұлу актерлер де, дарынды режиссерлер де жеткілікті деп ойлаймын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984615-zana-taziribe-zana-dengei-mamasaripova-aigili-turik-serialynyn-fransizasyn-aldy/

pixel