Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Мөлдір Әуелбекованың "қайтыс болғаны" жайлы ақпарат тарады: Әнші жауап берді

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Желіде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарап кетті. Өнер иесі бұл жалған жаңалықты бірден жоққа шығарып, оны таратқан жандардың пасық әрекетіне жаға ұстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова әлдекімдер таратқан қаралы хабарға пікір білдіріп, Instagram желісі арқылы жанкүйерлерімен байланысқа шықты.

Әртіс өзі үшін алаңдаған қалың көпшілікке үндеу жасап, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Белгілі болғандай, әлдекімдер Youtube желісінде арнайы видео жариялап, әншінің жол апатынан "қаза тапқанын" жазған.

"Бүгін күні бойы маған алаңдап хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір тірімін. Осындай жалған ақпарат таратқан адамға дауа жоқ", - деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/moldir.auyelbekova

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуіне қатысты бар шындықты айтқан болатын. Өнер иесі оның кесірінен көлігінен айырылып қалғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984716-zelide-moldir-auelbekovanyn-qaitys-bolgany-zaily-aqparat-tarady-ansi-zauap-berdi/