Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Досымжан Таңатаров қызын ұзатты (фото)

Опубликовано:

Досымжан Таңатаров
Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov

Отандық танымал әнші Досымжан Таңатаровтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің қызы өмірлік серігін кезіктіріп, өз ұясынан ұшты. Күні кеше жұлдызды отбасы дүркіретіп ұзату тойды өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Досымжан Таңатаров қызы Қаракөздің ұзату тойын Нұр-Сұлтан қаласының төріндегі қымбат мейрамханаларының бірінде өткізген. Думанды тойға жұлдызды жанұяның ағайын-туыстарымен қатар бірқатар өнер өкілі шақыртылған.

Олардың арасында Ақбота Керімбекова, Әділ Ахметов, Болат Есебаев, Назгүл Қарабалина, Дастан Оразбеков, Ұлықпан мен Айған Жолдасовтар, Қанат Айтбаев, Саят Медеуов, Қалқаман Сарин және тағы да басқалары болды.

Досымжан Таңатаровтың Stories-i
Скриншот: Instagram/dossymzhan_tanatarov

Той қонақтары дүбірлі кештен түрлі фото мен видео жариялап, жұлдызды әулеттің қуанышы қалай өткенін көпшілікке көрсетті.Өнер иелері жастарға ақ тілектерін айтып, өз өнерін де паш етті.

"Өнер жолында қатар келе жатқан сапарлас дос-жарандармен Досымжанның шаңырағындағы қуанышқа ортақтастық! Досымжан деген есімді ортасынан қақ бөліп, орынын ауыстыра оқысаңыз - Жандосым болады ғой. Екі атауға да лайық бізге өте жақын! Балалардың бақытын қатар көріңдер, Досымжан-Айнұр! Уақыт деген-ай, Досымжан, сенің де қайын ата болғаның ғой", - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984731-ansi-dosymzan-tanatarov-qyzyn-uzatty-foto/

pixel