Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Данияр Әлшінов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

Данияр Әлшінов
Фото: Instagram/dalshino

Қазақстандық танымал актер Дания Әлшінов отбасын құрды. Өнер иесі алғаш рет көпшілікке қалыңдығын көрсетті. Өткен аптада бойжеткеннің қыз ұзату тойы дүркіреп өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данияр Әлшінов Instagram парақшасында ұзату тойдың ерекше кадрларын бөлісіп, жанкүйерлеріне сүйіктісін таныстырды.

Желі қолданушылары жастарды жарыса құттықтап, ақ тілегін жолдады.

"Өте жарасымды жұп", "Махаббаттарың мәңгі болсын", "Сондай әдемі жұп. Бақытты болыңдар", "Менің жүрегімді жаралап кеттіңіз. Бірақ сіз үшін сонда да қуаныштымын", "Қалыңдығыңыз өте сұлу екен", "Келіншегіңіз тура аққу секілді екен", - деп жазуда желідегілер.

Актер өзіне жылы лебізін білдірген оқырмандарына алғысын жеткізіп, үлкен той алда екенін айтты.

"Барлықтарыңызға үлкен рахмет. Айта кетейін, бұл үйлену той емес, ұзату той болған еді. Үлкен той әлі алда. Қыз ұзатудың қалай өткенін бір минуттың ішінде көрсететін боламын", - деді ол.

Айта кетейік, Данияр Әлшіновтың таңдауы модель Ажар Күнболатқа түсті. Бойжеткен Димаш Құдайбергеннің "Golden" атты әніне түсірілген бейнебаянына түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984814-akter-daniyar-alsinov-sanyraq-koterdi-foto-video/

pixel