Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танысып қойыңыздар": Альбина Шардарова алғаш рет көпшілікке екінші қызын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Альбина Шардарова
Фото: Instagram/albina.shardarova

Отандық танымал әнші Альбина Шардарова қалың көпшілікке алғаш рет екінші қызын көрсетті. Өнер иесі желіде перзентімен түскен суретін жариялап, оны оқырмандарымен таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Альбина Шардарова бастапқыда қызын бір жасқа толғаннан кейін ғана қалың көпшілікке көрсетпек болған. Алайда шыдамай Instagram парақшасында ерекше фотосессиясын бөлісіп қойған.

"Ал танысып қойыңыздар! Альфия Бауыржанқызы. Менің кішкентай қошақаным. Кімге ұқсапты? 1 жасқа толғанында таныстырамын деп жүр едім, шыдамай, сіздермен бөлісіп жатырмын. Көрімдікті ұмытпаңыздар! Бұл фотосессияны Ақтауға барып жасадық", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары анасы мен қызына тамсана қарап, оларға жылы лебізін білдірді. Олардың басым көпшілігі бүлдіршіннің әкесі Бауыржан Сатовқа қатты ұқсайтынын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984895-tanysyp-qoiynyzdar-albina-sardarova-algas-ret-kopsilikke-ekinsi-qyzyn-korsetti-foto/

pixel