Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үстімдегі киім 20 келі болды": Жігер Ауыпбаев киноға түсудегі қиындықтарды айтты

Жарияланған күні:

Жігер Ауыпбаев
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official

Әнші Жігер Ауыпбаев жақында отандық фильмге шақырту алып, алғаш рет өзін актерлық қырынан танытты. Бұған дейін тек сахнада өнер көрсеткен әртіс киноның түсірілімі кезінде айтарлықтай қиындықтарға тап болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында айтып берді. Ол түсірілімнің үзіндісін бөлісіп, киноға түсу оңай шаруа емес екенін жеткізді. Ауыпбаев актерлер мен каскадерлер қауымының еңбегін жоғары бағалады.

Айта кетейік, әнші кино әлеміндегі алғашқы рөлін Ақан Сатаевтың "Ұлы дала таңы" атты тарихи фильмінде сомдаған. Ол түсірілім барысында үстіне кемінде 20 келі болатын киім кигенін айтты.

"Троя" фильмі деп ойлап қалмаңыздар. Қырып жатқан мен ғой. Менің кәсіби кино әлеміне алғашқы қадамым Ақан Сатаев ағамыздың Қасым ханның қасқа жолының желісімен түсірген "Ұлы дала таңы" атты тарихи фильмі болды. Бала күнімде ауылда таяқтан қылыш, шыбықты иіп садақ жасап жиі ойнағанымның пайдасын осы фильмге түскенде көрдім.

Мен қолымды сермеген жағыма құлап берген каскадер жігіттерге мың да бір рахмет. Бірақ таңқалғаным кезіндегі батыр бабаларымыз үстілеріне зілдей қорғасын сауыт киіп алып, темір дулыға, алмас қылыштарды ауырсынбай қалай соғысты екен?! Видеода менің үстімде кемінде 20 келі", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984955-ustimdegi-kiim-20-keli-boldy-ziger-auypbaev-kinoga-tusudegi-qiyndyqtardy-aitty/