"Арқам ұстап, көтеріліп кетем": Дариға Бадықова күйеуі өзін неге қызғанбайтынын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Дариға Бадықова өзінің отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, қызғаныш мәселесіне қатысты пікір білдірді. Сөзінше, ел алдында көп жүрсе де отағасы өзін қызғанбайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова күйеуі өзін неге қызғанбайтынын Instagram парақшасында түсіндіріп берді.
"Тілім тасқа, қызғанбайды. Құрысын, көз тимесін. Одан кейін қызғанудың төңірегіндегі әңгіме сөзді көтере алмаймын. Арқам ұстам, көтеріліп кетем.
Одан кейін өзіне сенімді. Көзі бақырайған әдемі. Бой деген 187 см. Духы мықты. Соған қарағанда, қызғанып, өзін төмен санағысы келмейді-ау", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова жастық шағын есіне алып, тойда 200 теңгеге өнер көрсеткенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985160-arqam-ustap-koterilip-ketem-dariga-badyqova-kuieui-ozin-nege-qyzganbaitynyn-aitty/