Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баланың жүрегі тоқтап қалды": Аша Матай тұңғыш қызын қандай қиындықпен босанғанын айтып берді

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай алғаш рет ана атанған кезін есіне алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі босану кезінде үлкен қиындыққа тап болып, тіпті сәбиінен айырылып қала жаздаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай басынан өткен қиын жағдайды Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында баяндады. Тележүргізуші сол күнді қорқынышты түс секілді еске алатынын айтты.

"Маған екі рет эпидуральды анестезия жасады. Толғақты тездететін дәрі салды. Кейін баланың жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлердің түрі суып кеткен. Анам екеуміз шок болдық. Анам қасымда еді. Анам жылай бастады, мен бірден өзімді жинап алдым. "Мама, жыламаңыз. Бәрі жақсы болады. Маған кесарь тілігін жасаңыздар", – дедім. Ана кісілер дір ете қалды.

Түнгі 01:00-де босандым. Асылым аман-есен дүниеге келді. Бірақ бірден жыламады. Дәрігерлер ұрып, өздерінің әдістерін қолданды. Содан кейін барып қана жылады. Бәрі анестезия салатын маманға байланысты екен. Құдай өзі кешірсін, өзімді "өлік адам" сияқты сезіндім. Жарты жылдай өзіме келе алмай жүрдім. Дәрігерлер толғақ шақыратын дәрінің дозасын шамадан тыс салып қойған. Одан кейін наркоз салған.

Содан денемді сезбеймін. Сөйлеуге де шамам келмеді. Мен о дүниеге кетіп барамын деп ойладым. Іштей осы өмірмен қоштастым. Тілімді кәлимаға келтіріп, дайындалып жаттым. Мен өліп қалсам, қызымды күйеуім мен анам қарайды деп ойладым", — дейді Аша Матай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985174-balanyn-zuregi-toqtap-qaldy-asa-matai-tungys-qyzyn-qandai-qiyndyqpen-bosanganyn-aityp-berdi/

pixel