Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Айнұр Нұрсейітова гендер-пати жасады (видео)

Опубликовано:

Айнұр Нұрсейітова
Фото: Instagram/ainurnurseit

Төртінші рет тұрмысқа шыққан отандық блогер Айнұр Нұрсейітова қалың көпшілікке болашақ сәбиінің жынысын жария етті. Желі жұлдызы үшінші сәбиін күтіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Нұрсейітова биыл көктемде төртінші мәрте тұрмысқа шыққан болатын. Блогер мен оның сүйіктісі мешітте шариғат бойынша некесін қиған еді. Кейін желі жұлдызы аяғы ауыр екенін хабарлады.

Ал өткен аптада жұлдызды жанұя гендер-пати жасап, қалың көпшілікке болашақ сәбиінің жынысын жария етті. Олар арнайы әзірленген шарды жарып, қызды болатынын білген.

Ерлі-зайыпты қуанышты сәтін Instagram желісінде бөлісті. Бұл күні олардың қасынан ет-жақындары табылған.

Желі қолданушылары оларды жарыса құттықтап, ақ тілегін жолдады.

Айта кетерлігі, Айнұр Нұрсейіт әлі күнге дейін күйеуінің кім екенін айтпай, халықтан барынша жасырып жүр. Ол отағасымен фото мен видео жарияласа да, оның түрін әзірге көрсетпеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985423-ayagy-auyr-ainur-nurseiitova-gender-pati-zasady-video/

pixel