Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолың ашық болсын": Актриса Динара Бақтыбаева қызына қандай есім бергенін айтты

Жарияланған күні:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Қазақстандық танымал актриса Динара Бақтыбаева жаңа туған сәбиіне қандай есім бергенін жария етті. Жақында екінші мәрте қызды болған өнер иесі перзентінің құжаттарын алғанда қиындыққа тап болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Бақтыбаева қызына берген есімін жария етіп, оның мағынасын оқырмандарына түсіндіре кетті.

"Бізді үзбей оқитын оқырмандарымыз екінші ханшайымымызға қандай ат бергенімізді біледі. Бұл есім бізге бірден ұнады. Әсіресе күйеуім бір естігеннен ұнатты. Мен тағы да басқа есімдерді ұсынғанымен, ол өз таңдауын жасап қойды.

Алиша - араб тілінен аударғанда "бойы ұзын", "беделді", "сыйлы" деген мағынаны білдіреді. Туу туралы куәлікті рәсімдеу кезінде біз бір қиындыққа тап болдық. Жаңа ережелерге сәйкес, аты-жөнін жазудың енді тек екі нұсқасы ғана бар. Соңы толығымен орысша немесе қазақша болу керек. Аралас аты-жөні қабылданбайды.

Аяна бізде Айтасова Аяна Арманқызы. Осы жолы да солай жазғымыз келген еді. Бірақ олай болмады. Алайда құрбыларым қызымның аты-жөні ерекше естілетінін айтып өтті.

Айтас Алиша Арманқызы сен енді танымал әрі беделді тұлға болуың керек. Қалжыңдаймын, бастысы бақытты бол қызым. Жолың ашық болсын", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Бақтыбаева екінші қызын дүниеге әкелгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985424-zolyn-asyq-bolsyn-aktrisa-dinara-baqtybaeva-qyzyna-qandai-esim-bergenin-aitty/