Актриса Динара Бақтыбаева екінші қызын дүниеге әкелді (фото)
Опубликовано:

Қазақстандық актриса Динара Бақтыбаева екінші қызын дүниеге әкелді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Перзентханаға сағат 7.50-де келдік, сағат 8.10-да босандым. Көлікте босанып қалмағаныма рақмет", – деп жазды актриса Instagram-дағы Storiz бөлімінде босанғаннан кейінгі алғашқы суретін жариялап.
Желі қолданушылары Динара Бақтыбаеваға жылы лебізін білдіруде. Актриса да ізгі тілегін айтып, құттықтап жатқандарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, сәуір айының соңында өнер иесі екінші баласына аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Кейінірек актриса құрсағындағы сәбидің қыз бала екенін мәлім етті.
Динара Бақтыбаева мен жұбайы Арман Айтасовтың жаңа туған сәбиден бөлек, Аяна есімді қыздары бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984192-aktrisa-dinara-baqtybaeva-ekinsi-qyzyn-duniege-akeldi/