jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Төреғали Төреәлі
    Фото: Instagram/toregalitoreali

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен құттықтап, оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі өзіне өмір сыйлаған жанның құшағын сансыз гүл шоғына толтырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлі анасын жаңа жасымен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Ол туған күннен арнайы видео жариялап, оны көпшілік назарына ұсынған.

    "Ассалаумағалейкум ағайын! Менің анамды туған күнімен құтттықтап, әкем екеуіне ұзақ ғұмыр зор денсаулық тілеңіздерші! Жандарбек Бұлғақовтың өлеңіне жазылған Ерген Айтымбетовтың тамаша әнін анашымның құрметіне тарту еттім", - деп жазды Төреш.

    Бейнежазбада әнші үйінің ауласына мыңға жуық раушан гүлін алып келіп, анасына ерекше тосынсый жасағанын көруге болады. Анасы үйден шыққан бойда Төреғали оны ән салып күтіп алады.

    Мұндайды күтпеген әртістің анасы көз жасына ерік беріп, өзін құттықтап келген барша жандарға алғысын білдіреді.

    Желі қолданушылары құттықтауларын легін жалғастырып, "Ұлы дала баласының" анасына өз ақ тілегін жолдады.

    "Мың жасаңыз. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Құттықтаймыз. Төрештей азаматты дүниеге әкелген ана мықты. Деніңіз сау болсын", " Міне ана бақыты деген осы. Ақ мамаңның туған күні құтты болсын! Қосағымен қоса ағарсын, сендердің қуаныштарыңмен бақыттарыңа бөленіп жүре берсін", "Ата-анаң мың жасасын! Мына видеоны көріп қуаныштан көзіме жас үйірілді", "Өзіңдей баланы әкелуге себепкер болған анаңа мың алғыс! Ұзақ, әдемі ғұмыр кешсін әкеңмен бірге жүз жасасын", - деп жазуда көпшілік.

    Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.