Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүз жасасын": Ата-анасымен ерекше видео жариялаған Бүркітке ел сүйсінді

Опубликовано:

Бүркіт. Айбек Жансейітов
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Отандық танымал әнші Бүркіт желіде ата-анасымен түскен ерекше видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік әртістің ата-анасына ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт ерекше отбасылық кадрларды Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің ата-анасымен дастархан үстінде әңгімелесіп отырғанын көруге болады.

"Әкеміз еркелейді осылай. Амандық болсын", - деп жазды ол видео астында.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға сүйсіне қарап, оларға ақ тілегін жаудырды.

"Әкеңіз ертегі кейіпкері секілді", "Екеуіне де ұқсапсыз", "Ата-анаңыз жүз жасасын. Сіздің, немерелерінің қызығына тоймай жүре берсін", "Дендері сау болсын. Ұзақ ғұмыр тілейміз", "Қандай әдемі жұп", "Керемет отбасы", "Сіздерге қатты қызығамын. Бақытты болыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985595-zuz-zasasyn-ata-anasymen-erekse-video-zariyalagan-burkitke-el-suisindi/