Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мекенжайды жазып жіберемін": Қайрат пен Жұлдыздың ұшақтағы видеосы ел талқысына түсті

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ұшақтағы видеосы тарап, бірден елдің қызу талқысына түсті. Ерлі-зайыпты бірге бала-шағасына ұшып бара жатқанын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ бортындағы видеоны Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі Instagram парақшасында жариялаған. Ол алдымен қасында кімнің отырғанын жасырып, артынан Қайрат Нұртасты көрсеткен.

Актриса күйеуі екеуі бала-шағасына ұшып бара жатқанын айтып, соңында оған қызық сұрақ қояды.

"Аман-есен бала-шағаға жетіп алайық. Жалпы үйге бара жатырсыз ғой, иә? Мен бала-шағаға бара жатырмын. Үйге бара жатырмын. Үйдің мекенжайын ұмытып қалған жоқсыз ба? Нақты мекенжайды жазып жіберемін", - деді Әбдікәрімова.

Қайрат Нұртас болса келіншегіне "мекенжайды өзің тықпасаң ұмытпаймыз ғой" деп әзілмен жауап қатты.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының видеосын қызу талқылап, оларға қатысты пікір білдірді.

"Бірге барғалы жатыр екен. Бақытты болсын", "Қайрат өте жақсы жігіт, сондай қарапайым, әзілдері жарасып тұр", "Өте қарапайым адамдар секілді", "Қайроштың жуастығын пайдаланатын сияқты көрінеді", "Өте жарасымды жұп. Ешқашан ажырамаңыздар", "Жұлдыз дұрыс жасап ойынмен жеткізіп отыр", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985626-mekenzaidy-zazyp-ziberemin-qairat-pen-zuldyzdyn-usaqtagy-videosy-el-talqysyna-tusti/

pixel