Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке болу - нағыз бақыт": Әнші Шоқан Маратұлының жанұясы тағы бір сәбимен толықпақ

Опубликовано:

Шоқан Маратұлы келіншегімен
Фото: Instagram/shokan_maratuly

"AllDavai" тобының бұрынғы әншісі Шоқан Маратұлы желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі тағы да балалы болмақ. Әртістің келіншегі үшінші сәбиін күтіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоқан Маратұлы отбасылық қуанышын Instagram парақшасында жария етті.

"Келіншегімнің аяғы ауыр екенін сіздерге бірден айта алмадым. Осындай қуанышты жаңалықты алдымен өз араңда бөліскің келеді екен. Қазір әйелім жүктіліктің жетінші айында. Мені алғашқы УЗИ кезінде көрсеңіздер ғой. Қатты қуандым. Тағы да әке болу - нағыз бақыт. Өз өмірімді балаларымсыз елестете алмаймын. Олардың күлкісі әлемді жарық ете алады", - деді әнші.

Сонымен қатар ерлі-зайыпты гендер-пати жасап, үшінші сәбиінің жынысын жария етті. Белгілі болғандай, олардың жанұясында тағы бір қыз дүниеге келмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985639-ake-bolu-nagyz-baqyt-ansi-soqan-maratulynyn-zanuyasy-tagy-bir-sabimen-tolyqpaq/

pixel