Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөпе нәсіп етсінші": Нәрестені тербеткен Абай Асылханға ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Жанель Мақажан күйеуімен
Фото: Instagram/abay.asylkhan

Отандық танымал актер Абай Асылхан желіде нәрестемен түскен видеосын жариялап, өзі де сәбилі болғысы келетінін жеткізді. Ол келіншегі Жанель Мақажанға үндеу жолдап, балалы болуға ниет білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Асылхан кішкентай сәбимен түскен видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада актердің нәрестені қолында тербетіп жатқанын көруге болады.

Өнер иесі бұл ерекше сәтті пайдаланып, өз әйеліне үндеу жасады. Ол тез арада бөпелі болу керектігін меңзеді.

"ИншаАллаһ, бізге бөпе нәсіп етсінші! Көптің дұғасы қабыл болады демекші "әумин" деп қойыңыздаршы", - деді ол.

Желі қолданушылары өткен жылы шаңыраө көтерген ерлі-зайыптыға сәбилі болуды тіледі.

Айта кетейік, Абай Асылхан мен Жанель Мақажан өткен жылы мешітте некелерін қидырып, ерлі-зайыпты атанды. Бұл Жанель Мақажанның екінші некесі болды. Актрисаның сүйіктісі өзінен 8 жас кіші.

Актрисаның бірінші некеде туған бір ұл, бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985856-bope-nasip-etsinsi-naresteni-terbetken-abai-asylxanga-el-suisindi-video/

pixel