Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкентай қыз екенсің ғой": Ерке Есмаханды көрген тыңдарманы қуанышын жасыра алмады (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде жанкүйерімен кездесіп қалған видеосын жариялап, ел назарын өзіне аударды. Сүйікті әртісін көрген азамат өз қуанышын жасыра алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан тыңдарманының видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда ер адам әншіні көргеніне қатты қуанып, онымен тілдесіп тұрғанын көруге болады.

"Көзілдірігіңді шешсең тіптен кіп-кішкентай қыз екенсің ғой. Қазір немерелеріме көрсетсем таңғалады ғой. Шықшы, біреуге сұратып, суретке түсейік", - деді азамат.

Ерке Есмахан жанкүйерінің қалауын орындап, онымен суретке түсу үшін көлігінен түскен. Әнші бұл кездесуден өзіне ерекше әсер алғанын жасырмады.

"Осындай көңілді ата көлігімнің есігін ашып, өзі келіп тұр ғой. Кішкентай деп көрсеткен саусағын қараңыздаршы. Менің әкем де солай көрсететін", - деп жазып қойды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985912-kiskentai-qyz-ekensin-goi-erke-esmaxandy-korgen-tyndarmany-quanysyn-zasyra-almady-video/

pixel