Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалармен кездесуін күтіп жүр": Дана Есеева күйеуінің жағдайы туралы ағынан жарылды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева
Фото: Instagram/dana_yesseyeva

Қазақстандық танымал блогер Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді. Оған қоса желі жұлдызы "үйде жылап отырудың" орнына, қалыпты өмірін жалғастырып жүргені үшін өзін сынға алғандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Есеева азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол өзін орынсыз сынға алып жатқанын айтып, күйеуінің қазіргі жағдайын бөлісті.

Блогер отағасымен тұрақты түрде кездесіп тұратынын алға тартты. Сөзінше, Төребаев бүгінде фильмнің сценарийімен айналысып жатыр. Вайнер бала-шағасымен кездесуді асыға күтіп жүр.

"Мен Мейіржанның қорғаушысымын және заң бойынша онымен кездесуге құқығым бар. Әрине, рұқсат етілген кездерде оған барып тұруым қалыпты нәрсе. Желіге салмасам, екеуіміз кездеспейміз деген сөз емес. "Жағдайы қалай?" деген сауалға айтарым, негізінен фильмнің сценарийімен жұмыс істеуде. Әділеттілікке сеніп, балалармен кездесуін күтіп жүр.

Дана Есееваның Stories-i
Скриншот: Instagram/dana_yesseyeva

Ең орынсыз: "Неге мен үйде жылап отырмай, жұмыс істеп жүрмін?" деген сауалға тек "ол күнге жете алмайсыздар" деп жауап бергім келеді. Ең бастысы, Мейіржан тірі, осыны ұмытпаңыздар.  Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпегенім үшін ызаланып жүрген еркектер, маған өз ойларыңызды таңбаңыздар. Сіздер солай жасасаңыздар, мен жасамаймын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986427-balalarmen-kezdesuin-kutip-zur-dana-eseeva-kuieuinin-zagdaiymen-bolisti/

pixel