Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабырғамызды қайыстырды": Димаш Құдайберген Қостанай халқына қолдау білдірді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмектеспек. Өнер иесі баспанасынан айырылып, қиын жағдайда қалған жандарға қолдау білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Қостанайда орын алған жағдайды аса ауыр қабылдағанын жасырмады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты.

"Қостанайдағы жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды… Еліміз аман болсыншы. Осы залалдан зардап шегіп жатқан ағайындарға қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Бірлігімізді дәлелдеп, бауырларымызға қол ұшын беруге атсалысайық, жігіттер!" - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесінің бастамасына қолдау білдірді.

"Жарайсың, Димаш. Көмектесуге біз де дайынбыз", "Мұндай жағдай енді қайталанбасын. Қаншама адам баспанасыз қалды", "Бастамаңды қолдаймыз. Бәріміз жұмылып көмек көрсетейік", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986521-qabyrgamyzdy-qaiystyrdy-dimas-qudaibergen-qostanai-xalqyna-qoldau-bildirdi/

pixel