Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Еркеш Хасен әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Еркеш Хасен әйелімен
Фото: Instagram/erkesh.khasen

Жақында ғана әке атанған Еркеш Хасен әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды. Ол келіншегіне алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркеш Хасен әйелі мен қызын перзентханадан қалай шығарып алғанын Instagram парақшасында көрсетті. Әншіні қолдап ет-жақындары мен достары келген. Олар жаңа босанған анаға гүл шоқтарын тарту етіп, өз құттықтауларын жолдаған.

Жұлдызды әке де келіншегіне алғысын айтып, оған деген сезімін білдірді.

"Аллаға шүкір. Адам баласына берілетін ең үлкен сый - ата-ана болу. Аманатыма рахмет. Жақсы көрем ғой сені. Балаларымыз иманды, салиқалы ұрпақтардан болсын. Жұғысты болсын бәріңізге. Айгөлектің де Айгөлегі бар", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас ата-ананы жарыса құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Еркеш Хасеннің алғаш рет әке атанғанын жазған болатынбыз. Әншінің әйелі оған қыз бала сыйлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986531-ansi-erkes-xasen-aieli-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel