Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар "күйеуімен тағы ажырасып кетті" дегендерге жауап берді

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Скриншот: видеодан алынды

Отандық танымал блогер әрі актриса Әсел Асқар өзіне қатысты тарап жатқан бірқатар қауесетке жауап берді. Ол отбасылық өміріндегі жағдайларға пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар ел көкейіндегі сұрақтарға Instagram желісінде жауап берді. Оқырмандардың бірі актрисадан күйеуі сыйлаған көлік жайлы сұрады. Көпшілік арасында блогер автоны сатып жіберіп, ақшасын өзіне алғаны айтылып жүр.

"Бұл жағдайға қатысты көптеген мәліметтерді шетке ысырып қойдым. Негізі әйел адам ақшаны өзіне алып қалғанда тұрған ештеңе жоқ", - деді ол.

Әсел Асқардың Stories-і
Скриншот: Instagram/assel.askar

Оған қоса желідегілер Әсел Асқардың күйеуімен ажырасып кеткенін естіп, одан шындықты білгісі келді.

"Ол күн туса, сіздерге бірінші болып хабарлайтын боламын. Бұл деген таптырмас хайп өой. Кез келген нәрседен монетизация жасау керек. Бузова, Самойлова мен Бородинадан қалысамыз ба? Ақша жасау керек. Сосын " ажырасу мен айырылысу" жайлы курс ашамын", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986534-asel-asqar-kuieuimen-tagy-azyrasyp-ketti-degenderge-zauap-berdi/

pixel