Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал блогер ата-анасына қажылыққа жолдама сыйлады (видео)

Опубликовано:

Мерей Абилова әкесімен
Фото: Instagram/abilovva_m

Жастар арасында аса танымал блогер Мерей Абилова әкесінің туған күнінде оған ерекше тосынсый жасап қуантты. Желі жұлдызы өзіне өмір сыйлаған ата-анасына Меккеге қажылыққа жолдама сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерей Абилова ата-анасын қуантқан сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. Блогер ару көпшілік жиналған отырыста сөз тізгінін алып, өзіне өмір сыйлаған жандарға қажылыққа жолдама тарту еткен.

Перзентінен мұндай тосынсыйды күтпеген ата-ана қатты таңғалып, оған өз алғысын айтты.

"Осылайша әкем 76 жасында Алланың үйіне шақырту алды! Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды желі жұлдызы.

Желі қолданушылары блогердің игі ісіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.

"Нағыз үлгі болар қыз", "Жарайсың, жап-жас болып, осындай сыйды тарту етіп жатырсың. Әркімнің қолынан келе бермейді", "Ата-ана разылығын алған перзент бақытты. Осылай жақындарыңды қуантқанға не жетсін", "Қандай керемет, әкеңіз мүлдем күтпегені көрініп тұр", "Көпшілікке үлгісің, Мерей", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986794-otandyq-tanymal-bloger-ata-anasyna-qazylyqqa-zoldama-syilady-video/

pixel