Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл мен үшін жаңа кезең": Айжұлдыз Адайбекова әншілікке бет бұрды

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова енді өзін әншілік қырынан танытпақ. Блогер ару Мансур Гатауовпен алғашқы әнін жазып шығарды. Жанар Айжанованың қызы өзі үшін жаңа кезеңнің басталғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова әншілікке бет бұрғанын Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесінің алғашқы әні бүгін жарыққа шықпақ.

"Бүгін Мансур Гатауовпен бірге жазған алғашқы әнім жарыққа шығады. Біз бір ай бойы бұл туындымен айналыстық. Сол себепті бұл мен үшін жаңа кезең, жаңа қадам болмақ. Бірақ бұл сала бәрібір де маған жақын. 13 жыл бойы музыкалық мектепте білім алып, оны қолданбау дұрыс емес. Күнә. Сол үшін мен әртіс боламын. Бастысы - сіздердің қолдауларыңыз. Бәрі жақсы болады. Сіздерді сондай жақсы көремін. Шын айтса аздап уайымдап та тұрмын. Бірақ біздің күшіміз бірлікте", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айжұлдыз Адайбекованың жаңа бастамасына қолдау білдіріп, оның жаңа туындысы қай тілде болатынына қатысты болжамдарын айта бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986809-bul-men-usin-zana-kezen-aizuldyz-adaibekova-ansilikke-bet-burdy/

pixel