Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөтелке жинап өткізетінбіз": Айжан Байзақова балалық шағындағы ауыр кезеңді есіне алды

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Жақында денсаулығы сыр берген Айжан Байзақова оқырмандарына өміріндегі тағы бір қиын кезең жайлы сыр ақтарды. Блогер ару жоқшылықтан өткен балалық шағын есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram желісінде оқырмандарына жан сырын ақтарып, өзі жайлы көпшілік біле бермейтін жайттарды айтты. Желі жұлдызы өзінің ауқатты отбасыда өскені жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Атышулы блогер қарапайым отбасыда тәрбиленгенін, тіпті жоқшылықты көргенін жеткізді.

"Балалық шағым балдай тәтті болды дей алмаймын. Қаржылық қиындықтарға тап болып, бөтелкелер жинап, өткізген сәттеріміз де болды. Туыстарымыздың үйінде тұрдық. Көптеген мәселелер болды. Бірақ мен әркез тек жақсы сәттерді еске аламын", - деді ол.

Байзақова ақшаны өміріндегі басты құндылық деп есептемейді. Бұл үшін ол әкесіне алғыс айтады.

"Ақша мен үшін ешқашан айрықша құндылық болмаған, әлі күнге дейін солай. Барлығы әкемнің арқасында.Бір жолы дәмханада тамақтанып, шығып кеттік. Арада 1,5 сағат өткен соң, сол жерде әмиянымды тастап кеткенімді түсіндім. Әпкем сыйға тартқан, мен үшін қымбат зат еді. Қатты жыладым. Сол кезде әкем өмірде материалды құндылықтар үшін жылаудың керегі жоқ екенін түсіндірді. "Бұл өмірде жоғалтқан ең қымбат затың болсын" деді. Содан бері ол менің өмірлік ұстанымыма айналып кеткендей. Тіпті, көлігімнің тас-талқаны шықса да, ол үшін алаңдамайтыным содан", - деді блогер.

Желі жұлдызы осы себеппен де әкесімен татуласқысы келетінін айтты. 

"Сондықтан да болар, әкеммен татуласатын сәтті күтіп жүрмін. Өйткені қандай жағдай болмасын, әркез алдымнан әкем мен оның сөздері шығады", - деді Айжан. 

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Байзақова әкесімен араласпай кеткенін айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987011-botelke-zinap-otkizetinbiz-aizan-baizaqova-balalyq-sagyndagy-auyr-kezendi-esine-aldy/

pixel