Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп еркелетемін": Әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне су жаңа көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасына ерекше сый жасап, оларды қуантты. Бұған дейін өнер иесі өзіне өмір сыйлаған жандарды қажылыққа жіберсе, бұл жолы әкесіне су жаңа көлік сатып әперген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова ерекше отбасылық қуанышын Instagram парақшасында бөлісті. Ол асқар тау әкесіне көлікті табыстаған сәтін оқырмандарының назарына ұсынды.

Әншінің сөзінше, ата-анасы бұл тосынсыйдан хабарсыз болған. Бейнежазбадан олардың қатты таңғалғанын байқауға болады. Әртістің әкесі тіпті мұндай қымбат сыйдан кейін көзіне жас алып қалған.

"Ал, құтты болсын! Өз басым ата-анама көп көңіл бөлетініме сіздер куәсіздер. Қолдан келгенше қалауларын айтқызбай жасауға тырысамын. Көп сөйлесемін, көп еркелетемін, көп қыдыртамын. Менің жетістікке жетіп, жарқырап өмір сүріп жүргенім осы ата-анамның маған деген ризашылығынан деп білемін. Аллаға шүкір, әлі де талай қызықтар алда күтіп тұрғанына сенімдімін!

Дәл осы қағиданы курсы етіп сатып және сатып алып жүргендер қаншама?! Ақша мен уақытты үнемдеп, тек жәй ғана, ата-анаға көңіл бөлсеңіз болғаны, арғы жағын Алла өзі ақ реттеп қояды! Ол рас! Ақиқат! Біздің әрбір сәтті қадамымыз, Алланың қалауымен ата-анамыздың көңілінен екенін ұмытпайық", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987430-kop-erkeletemin-ansi-moldir-auelbekova-akesine-su-zana-kolik-syilady-video/

pixel