Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа қырынан танып білдім": Түсіпбаева Маржан Арапбаеваға деген ерекше сыйластығын білдірді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева әріптесі Маржан Арапбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтап, оған деген ерекше сыйластығын білдірді. Қос әртіс гастрольдік сапарға бірге аттанып, бір-бірін жаңа қырынан тани түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева бұрын-cоңды Маржан Арапбаевамен сапарлас болып көрмегенін алға тартты. Ал бұл жолы сәті түсіп, қос әнші бір шара аясында өнер көрсеткен. Нәтижесінде олардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы артып, жақын құрбы болып кеткен.

Түсіпбаева өнердегі әріптесінің асқан қарапайымдылығы мен ақкөңілділігіне тәнті болған. Гастрольдік сапар соңында Арапбаева оған қымбат жүзігін тарту еткен. Мұндай күтпеген Түсіпбаева айтарға сөз таппай қалғанын жасырмады.

"Адамды танығың келсе- онымен сөйлес. Адамды танығың келсе- онымен жолға шық, деген атам қазақ. Осы қарапайым сөздерде қаншама терең философиялық ой жатыр. Өнерде жүрген 25 жылдан астам уақытта, мен талай әріптестеріммен сапарлас болдым. Гастрольдік сапарларда, бұрыннан таныс адаммен, кейде, шыны керек, жаңадан танысып жататын кездер болады. Мен Маржанмен бұрын-соңды сапарлас болмаппын. Көріскенде амандығымыз түзу, жақын араласпағанмын. Бар болғаны осы.

Осы жолы, құдай айдап Жезқазғанда бірнеше күн гастрольдік сапарда бірге болып, Маржанды жаңа қырынан ашып, танып-біліп қайттым. Ол позитивті энергиясы тасыған, жайсаң, жайдары адам екенін білмеппін. Осы бірге өткізген 2-3 күнде, әңгімеміз таусылмады. Біресе күліп, біресе мұңайдық. Бәрі шынайы, ешқандай жасандылықсыз. Бірге қонаққа бардық, күндіз дүкендерге барып, түнде Жезқаланы жаяу аралып қыдырдық. Маржанның жанындағы көмекші қызы Назыммен ,қарым- қатынасы- бөлек , үлгі болар әңгіме. Дәл кетерде, қоярда қоймай, қолындағы қымбат жүзігін шешіп беріп маған сыйлағанда , айтуға сөз таппадым. Шынын айтсам, сол сәтте толқып кеттім.

Адамның көңілі деген неткен жұқа -нәзік материя. Маржандай аппақ көңіліңнен айналдым Маржан-қыз. Сенің аса талантты әнші ретінде бағалайтын едім, енді сені жақсы адам ретінде сыйлаймын! Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын! Бүгін уйіме жетіп алып, сен сыйлаған әдемі сақинаны оң қолыма, әдетте неке жүзігін тағатын саусағыма тағып, "маған да Маржанның Ерболына ұқсаған жар бере гөр" деп тіледім Алладан. Хит әндерің көп болсын, жаным, сахнаның сәні болып жүре бер! Мерейің үстем болсын! Қосағыңмен қоса ағар! Бала- шағаларыңның қызығын Ерекеңмен бірге көріңдер", - деп ағынан жарылды әртіс Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987433-zana-qyrynan-tanyp-bildim-tusipbaeva-marzan-arapbaevaga-degen-erekse-syilastygyn-bildirdi/

pixel