Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Топ құру жоспарда бар": Әнші Жазира Байырбекова продюсерлікке бет бұрмақ

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова енді продюсер болмақ. Эстрада жұлдызы қазақ өнеріне өз үлесін қосатын музыкалық топ құруды жоспарлауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова топ құру жолындағы алғашқы қадамын да жасап үлгерген. Өнер иесі ауқымды кастинг өткізіп, ерекше талант иелерімен танысты.

Енді әнші өзі құратын ұжымға қандай ат қоярын білмей, жанкүйерлерінің көмегіне жүгінді. Әртістің сөзінше, топ қазақи дәстүрлі әндер шырқайтын болады.

"Бұйыртса жақында жас таланттардың басын қосып, қазақтың ұлттық өнеріне үлес қосатын әдемі топ құру жоспарда бар. Бүгін сол топтың кастингы өтті. Керемет талантты қыз-жігіттер жиналды. "Кеменің атауын қалай қойсаң, солай жүзеді" демекші, енді сіздер бізге қазақи, дәстүрлі, есте қаларлық есім таңдап беріңіздер. Ең ерекше, әдемі есімге сыйымыз бар. Топтың бағыты: қазақи, дәстүрлі әндер", - деп жазды Байырбекова.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында өзі өткізген кастингтен видео жариялап, көпшілік назарына ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987462-top-quru-zosparda-bar-ansi-zazira-baiyrbekova-prodyuserlikke-bet-burmaq/

pixel