Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегіне оқ тиді": Бауыржан Сатов әкесінің өлімі жайлы айтып, көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Бауыржан Сатов
Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Отандық танымал тележүргізуші әрі актер Бауыржан Сатов өміріндегі қиын кезең жайлы сыр шертіп, әкесінің өлімі жайлы айтып берді. Өнер иесі әкесінен үш жасында айырылып қалған. Сөзінше, оған бұзақылар оқ атқан, деп жазады KAZ,NUR.KZ.

Бауыржан Сатов әкесінің қазасына қатысты жан сырын "Әке бақыты" бағдарламасында ақтарған. Өнер иесі әкесінен айырылған сәтте небәрі үш жаста болса да, көп нәрсе есінде қалғанын айтты.

"Әжем 90-жылдары сатушы болды. Арақ-шарап, үйде не бар соны сататын. Бір күні түнде ішімдік ішкен жас жігіттер келіп, арақ сұрайды. Апам шықпайды, бермейді. "Бала-шаға кішкентай, ұйықтап жатыр, кетіңдер" дейді. Олар апамды балағаттайды. Оны естіген менің әкем құр отырсын ба? Атып шығады. Өзара сөйлеседі, кейін төбелес басталады.

Әкем бойшаң, денелі, батыр тұлғалы жігіт болған. Біраз уақыттан кейін олар қайта келеді. Сол жағдай намыстарына тиген. Аңға шығатын мылтықтары бар. Келгенде ит үре бастайды. Бірінші оқ итке кетеді. Соны естіген әкем қайтадан жүгіріп шығады. Оның артынша анам жүгіреді. Сол кезде екінші оқ әкемнің жүрегіне тиеді. Үйдегілердің бәрі оянады, қырғын, у-шу болады. Анамның айтуынша, аспанға қарап, бір демалып, құлаған. Ал ана жігіттер қашады. Әкемді жедел жәрдем алып кетеді.

Үйдегілер бәрі артынан кетіп қалады. Сол қарбалас сәтте бізді үйде ұмытып кетеді. Үш жасар мен сегіз айлық ініммен қалып қойдым. Бір кезде дәрігерлер шығып, "болды" деп айтқан кезде анам сол сәтті қабылдап, содан кейін барып қана екі баласы үйде қалып кеткені есіне түседі. Үйге қарай жүгіреді. 8 айлық бала жылайды ғой. Үш жасар мен інімді қолыма алып: "Мама қазір келеді, жылама" деп тербетіп отыр екенмін. Ініммен қарым-қатынасымыз сол кезде басталды. Өзім де жылап отырмын", - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Сатов әйелі екеуінің басынан өткен ауыр жағдай туралы айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987465-zuregine-oq-tidi-bauyrzan-satov-akesinin-olimi-zaily-aityp-kozine-zas-aldy-video/

pixel