Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ким Кардашьян Калифорниядағы фермасын 5,3 млн долларға сатылымға шығарды

Опубликовано:

Ким Кардашьян/Instagram
Фото: Ким Кардашьян/Instagram

Америкалық жұлдыз Ким Кардашьян Калифорниядағы фермасын сатылымға шығарды. Хидден-Хилс қаласындағы жылжымайтын мүлік 5,3 млн долларға бағаланған, деп хабарлайды Dirt сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш ферманы Кардашьян отбасы 2019 жылдың қазан айында 1,6 миллион долларға сатып алған.

1950 жылдары салынған бұл үйдің аумағы - 0,6 гектар. Үйдің жанында төрт қора, құрал-жабдықтар мен жем-шөп сақтайтын ғимараттары бар. Бір қабатты тұрғын үйдің ауданы шамамен 372 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде төрт жатын бөлме және төрт жуынатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме және кеңсе бар.

Ал аулада бассейн, СПА аймағы, барбекю террассасы және төрт автокөлік сиятын гараж орналасқан.

Айта кетейік, 2022 жылдың мамыр айында Кардашьян бұрынғы күйеуі Канье Уэсттің үйінің жанынан жылжымайтын мүлік сатып алған болатын. Тележұлдыз бұл мүлік үшін 6,3 миллион доллар төлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987489-kim-kardasyan-kaliforniyadagy-fermasyn-53-mln-dollarga-satylymga-sygardy/

pixel